Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о принципах взимания акцизного налога при экспорте и импорте товаров и Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о принципах взимания акцизного налога при экспорте и импорте товаров от 11 июня 1997 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімді және 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мыналар: 1997 жылғы 11 маусымда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісім; 2000 жылғы 2 қарашада Бішкек қаласында жасалған 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Қырғыз Республикасы Үкіметінің тауарларды экспорт және импорт жасағанда акциз салығын алу принциптері туралы Келісім*
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Қырғыз Республикасы Үкіметінің тауарларды экспорт және импорт жасағанда акциз салығын алу принциптері туралы Келісім* (2001 жылғы 2 наурызда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 1, 10-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, бұдан әрі қарай келісім жасаушы Жақтар деп аталады, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында теңдік және өзара пайда негізінде, жалпыға белгілі нормалар және халықаралық сауда тәртібін басшылыққа ала отырып, сауда-экономикалық дамуға ұмтылып мынаған келісті:
Бап 1. 1-бап Экспорт жасағанда алу принципі
1-бап Экспорт жасағанда алу принципі
Тармақ 1
1. Келісім жасаған бір Жақ Келісім жасаған екінші Жаққа экспорт жасаған тауарларға акциз салығын салмайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағындағы тәртіп спирттің барлық түрлері мен алкоголь өнімдері жөнінде қырғыз жағынан "Киргизалко" мемлекеттік корпорациясына, қазақ жағынан осы өнімдерді шығаруға лицензиялары бар кәсіпорындарға ғана қолданылады.
Бап 2. 2-бап Импорт жасағанда алу принципі
2-бап Импорт жасағанда алу принципі
Тармақ 1
1. Келісілген бір Жақтың аумағына импортталған, келісілген екінші жақтың аумағынан экспортталған тауарларға қолданымдағы заң бойынша импорт жіберген елдің акциз салығы салынады. Акциз салығы импорт жасаған Келісілген Жақтың кеден аумағына жіберілген кезде кеден органдары арқылы салынады.
Тармақ 2
2. Импорт жасалған тауарлардың акциз салығы Келісілген Жақтардың заңдарына сәйкес алынады.
Бап 3. 3-бап Даулы мәселелерді шешу
3-бап Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 1
1. Келісілген Жақтар осы Келісімнің мақсатына сәйкес тауарларды экспорт және импорт жасағанда оны бақылау мен хабар алу жөнінен келісіп қызмет істейді.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің тәртібін қолдану және түсінісу жөнінен Келісім жасаушы Жақтардың арасындағы даулар мен түсінбеушіліктер Келісім жасаушы Жақтардың арасындағы келіссөз және консультация жасасу арқылы шешеді.
Бап 4. 4-бап Күшіне енуі
4-бап Күшіне енуі
Тармақ 1
1. Осы Келісім, Келісім жасаушы Жақтар барлық осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті ұлттық заңдылықтарға сәйкес ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалуы туралы елшілік ноталары аумасқан уақыттан күшіне енеді, және Келісім жасаушы Жақтардың бірі оның күшін жою туралы жазбаша хабардар еткен уақыттан кейін 12 ай бойы күшіне қалады.
Тармақ 2
2. осы Келісім күшіне енгеннен кейін тауарларға ғана байланыста қолданылады.
Тармақ 3. 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Хаттама
3. Осы Келісімдегі 1-баптың 1-тармағындағы нұсқау мұнай және мұнай өнімдеріне 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін қолданылмайды. 1997 жылдың 11 маусымында Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде 2 дана болып жасалынды, және әрбір мәтіннің күштері бірдей. Келісім Жасаушы Жақтардың арасында осы Келісім қазақ және қырғыз тілдеріндегі мәтіні жөнінен түсініспеушілік туа қалған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін негізге алынады. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Хаттама (2006 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты) Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып, 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімнің ережелерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында оған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
Тармақ 1
1. 1-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. 2-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "его" деген сөз "ее" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақ 3
3. Мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1-баптармен толықтырылсын: "2-1-Бап Тауарларды өткізуге және акциз салығын төлеуге бақылау жасау Осы Келісімнің ережелерін қолдану және тауарлардың импорты кезінде акциз салығын жинаудың толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы тауарларды өткізуге және акциз салығын төлеуге бақылау жасау тетігін әзірлейді және оны іске қосады."; "3-1-Бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке Хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.".
Тармақ 4
4. 4-баптың 3-тармағы алынып тасталсын. Осы Хаттама Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енеді. Бішкек қаласында 2000 жылғы 2 қараша әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін