О внесении изменений в решение акима области от 11 ноября 1997 года № 226 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1997 жылғы 11 қарашадағы № 226 шешімге өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.10.2004 № 36 шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылгы № 3223 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 103 Қаулысын жүзеге асыру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1997 жылғы 11 қарашадағы облыс әкімінің "Қогамдық тамақтаңу, алкогольдік өнімдерді сақтау және көтере сату пунктерінің/сыра сатудан басқа/қызметтерін лицензиялау туралы" № 226 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Шешімнің бірінші тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Төртінші пункт төмендегі редакцияда баяндалсын: "Қогамдық тамақтану, пунктерінің қызметтеріне лицензиялар беру жөніндегі лицензиант қызметі өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызметтердің облыс әкімі жанындагы департаментке тапсырылсын. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 18.04.1998 № 98 шешімімен
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 1996 жылғы 10 шілдедегі № 131-11 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тамақтану пунктерінің қызметтерін лицензиялау тәртібі мен шарттары туралы Ереже Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына қайшы келмейтін аяда пайдаланылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсін.