О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1998 года N 759 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.26. N 326 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 232-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде: 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі. Голландтық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан кезде де өткізілген болып есептеледі".
Тармақ 2
2. Таратылатын "Павлодартрактор" ААҚ-ның конкурстық басқарушысына зауыттың мүлкін бір қатысушы жағдайында голландтық әдіс бойынша сатуға рұқсат берілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.