О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1999 года N 1131 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 995 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 11 тамыздағы N 1131 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізсiн:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде: 16-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның ішінде төрағаның бiр орынбасары - "Байқоңыр" космос айлағы басқармасының бастығы, болады."; 18-тармақтың 1) тармақшасындағы "өзiнiң орынбасары" деген сөздер "өзiнiң орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.