О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1999 года N 1143 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2006 N 674 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын беру ережесінде:
10-тармақта:
төртінші абзацтағы "есірткі заттар және психотроптық құралдар" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"есірткі заттар, психотроптық құралдар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне;
прекурсорлар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.