О внесении изменения в приказ МГД РК от 11 октября 1999 года N 1234 Күшін жойған
Басқа 0
ҚР МКМ 1999 жылғы 11 қазандағы N 1234 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Заңына сәйкес. БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 11 қазандағы N 1234 бұйрығымен бекiтiлген "Заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерiне оңайлатылған салық салу жүйесi туралы" Нұсқаулығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерiне оңайлатылған салық салу жүйесi туралы" Нұсқаулықтың:
көрсетiлген нұсқаулыққа қоса берiлген 4 қосымшаның 2 және 8 жолдарындағы "20" және "120" деген сандар, тиiсiнше, "16" және "116" деген сандармен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi (Ю. Тiлеумұратов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiссiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiне (Ю. Тiлеумұратов) жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылдың 1 шілдесiнен бастап қолданысқа, енгiзiледi.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2001 жылғы 21 маусым