О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстана от 11 августа 1999 года N 188 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 31.12.2003 N 1271 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Жарлығымен. " Қазақстан Республикасы Президенті туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың 2) тармақшасындағы "3330" деген сан "4000" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы ережеде: барлық мәтін бойынша "(мүдде)" деген сөз алынып тасталсын; 6-тармақтың 2) тармақшасы ", сондай-ақ сақтандыру рыногының" деген сөздермен толықтырылсын; 24-тармақтың: 4)-тармақшасындағы "ресми ставкасын" деген сөздер "қайта қаржыландырудың ресми ставкасын" деген сөздермен ауыстырылсын; 5)-тармақшасындағы ", ломбард және кредиттік серіктестіктер" деген сөздер алынып тасталсын; 6)-тармақшасындағы "және сақтандыру қызметіне" деген сөздер алынып тасталсын; 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "7) банктерді ерікті түрде қайта құруға және таратуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды;"; 21), 23), 24), 27) және 31)-тармақшалары алынып тасталсын; 27-тармақтың: бірінші бөлігіндегі: 3-тармақшасындағы "банк" деген сөзден кейін "және сақтандыру" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 14)-тармақшасымен толықтырылсын: "14) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктері мен ұйымдарын тексеру және аудит жүргізу нәтижелерін қарайды."; екінші бөлігіндегі "және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер ", банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлігіндегі ", өкілдіктерінің және ұйымдарының" деген сөздер "және өкілдіктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 28-тармақтың екінші бөлігіндегі "сотта іс қаралған кезде" деген сөздерден кейін "және басқа мәселелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын. 30-тармақтың: 3)-тармақшасындағы "овернайт" кредиттері бойынша" деген сөздер "овернайт" займдары, күндізгі займдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 7)-тармақшасындағы "Басқармасының" деген сөзден кейін "және Төрағаның" деген сөздермен толықтырылсын; 8) және 9)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "8) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына және өкілдіктеріне бюджетті (шығыстар сметасын) бөледі; 9) Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының бизнес-жоспарын және еңбекақы төлеу қорын бекітеді;"; 13) және 17)-тармақшалар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 21) - 27)-тармақшалармен толықтырылсын: "21) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия және сақтандыру түрі бойынша оның қосымшаларын, сақтандыру мен қайта сақтандыру брокерлік қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, аталған лицензиялардың қолданылуын тоқтату (және лицензияның сақтандыру түрі бойынша қосымшаларын қайтарып алу туралы), сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды; 22) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайлары мен жабдығына қойылатын талаптарды бекітеді; 23) Қазақстанның Ұлттық Банкі көрсететін қызмет түрлерін және ақы мөлшерін бекітеді; 24) банктердің бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім береді; 25) жыл сайын банктердің жылдық есептерін, сондай-ақ басқа да қаржылық есебін жариялау стандарттарын бекітеді; 26) оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесін бекітеді; 27) еншілес банктер ашқан кезде негізгі рейтинг агенттіктерінің және ең аз талап етілетін рейтинг тізбесін бекітеді.".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.