О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 1999 года N 223 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өз құзыреті шегінде әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.