О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 августа 1999 года № 188 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 31.12.2003 № 1271 (01.01.2004 бастап күшіне енеді) Жарлығымен. " Қазақстан Республикасының Президентi туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн беруге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
Тармақша 1
1) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде: 6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: "2-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау;"; мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын: "6-2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау органы ретiндегi негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу; 2) халықтың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 3) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының және/немесе алушыларының мүдделерiн қорғау."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын: "7-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру;"; 15-1-тармақтың 8) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн, қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң шектi мәндерiн;"; мынадай мазмұндағы 15-2-тармақпен толықтырылсын: "15-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегі функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялайды; 2) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерiне және құрамына қойылатын талаптарды белгiлейдi; 3) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы басшы лауазымдарға үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру тәртiбiн белгiлейдi; 4) жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлейдi; 5) өз құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi жүзеге асырады; 6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен процент түрiнде алатын комиссиялық сыйақылардың шектеулi көлемiн белгiлейдi; 7) өз құзыретi шегiнде жинақталған зейнетақы қаражатының түзiлуiн және мақсатқа сай пайдаланылуын бақылайды; 8) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн бекiтедi; 9) таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртiбiн белгiлейдi; 10) өз құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан және өзге де ұйымдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi құжаттарды сұратуға және алуға құқылы; 12) мемлекеттiк және коммерциялық құпияны бiлдiретiн ақпараттың сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есебiнiң құпиялылығын қамтамасыз етедi; 13) жинақтаушы зейнетақы қорларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асырады; 14) жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық және статистикалық есептерiн қарайды; 15) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға және ерiктi таратуға рұқсат бередi; 16) жинақтаушы зейнетақы қорлары заңнаманы бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ықпал ету шараларын қолданады; 17) алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақы қаражатын есепке алу тәртiбiн белгiлейдi және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiне және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық кiрiстiң есептелуiне бақылауды жүзеге асырады; 18) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталуға тиiстi негізгi құжаттарының тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн белгiлейдi; 19) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады."; 17-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын; 24-тармақта: 1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1-1) бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы жүйесiн қалыптастыру және дамыту саласындағы басым бағыттарды белгiлеу"; 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "22) қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi реттейтiн және қадағалайтын ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есептiң үлгi шоттары жоспарын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бухгалтерлiк есеп стандарттарын және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды бекiту"; 32-1) тармақшада: бiрiншi абзацта "шарттары мен" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру; мемлекеттiк кәсiпорындарға және акциялар пакетi немесе мемлекеттiң үлесi бар ұйымдарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына олардың құрылтайшылары және акционерлерi ретiнде қатысу үшiн рұқсат беру; жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы лауазымдарына үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру; алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақы қаражатын есепке алу және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiне және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық кiрiстiң есептелуiне бақылауды жүзеге асыру;"; 32-2) тармақшаның төртiншi абзацындағы "туралы шешiм қабылдау" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi кезеңiнде дауыс құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамына тiкелей немесе жанама ие болу, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру; зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша лицензияларды беру, қайтарып алу және күшiн тоқтата тұру; мемлекеттiк кәсiпорындарға және акциялар пакетi немесе мемлекеттiң үлесi бар ұйымдарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына олардың құрылтайшылары және акционерлерi ретiнде қатысу үшiн рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;"; 32-3) тармақшада: екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн, қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң шектi мәндерiн;"; төртiншi абзацтағы "белгiлеу" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталуға тиісті негiзгi құжаттарының тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн белгiлеу;"; 32-4) тармақшаның үшiншi абзацындағы "белгiлеу" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерiне және құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;"; 27-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) республикада және шет елдерде банк және сақтандыру жұмысының барлық мәселелерi бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлi бола алады;"; 30-тармақта: 20-2) тармақшаның жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары қызметкерлерiне, бағалы қағаздармен - сауда-саттық ұйымдастырушыларға және жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiне бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жаңарту туралы шешiм қабылдайды"; мынадай мазмұндағы 20-5) - 20-7) тармақшалармен толықтырылсын: "20-5) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен процент түрiнде алатын комиссиялық сыйақылардың шектеулi көлемiн белгiлейдi; 20-6) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға және корпоративтiк түрден ашық түрге өзгертуге, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi түрде таратуға рұқсат бередi; 20-7) жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын және өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi;";
Тармақша 2
2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымында: 1. "Орталық аппарат" бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қаржы қадағалау департаментi"; реттiк нөмiрлерi 5-1 және 5-2-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.