О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 11 мая 1999 года № 561 "Об оказании помощи районам с депрессивной экономикой" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы мамырдың 11-iндегi № 561 "Экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы" Қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы мамырдың 11-iндегi № 561 "Экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы мамырдың 11-iндегi № 561 "Экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы" Қаулысын жүзеге асыру iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Жоспарда iске тартылған кәсiпорындар мен ұйымдар iс-шаралар жоспарында көздестiрiлгендердi, көрсетiлген мезгiлдерге сәйкес, орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Шаметова С.Б.), зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталық Маңғыстау филиалы (Үмбетов Б.Б.) iс-шараларға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалысына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ж. Аманқұловқа жүктелсiн.
Басқа 5
Облыс әкімінің 1999 жылғы 24 маусымның № 164 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы мамырдың 11- індегі № 561 “Экононикасы тоқыраған аудаңдарға көмек көрсету туралы” Қаулысын жүзеге асыру туралы іс-шаралар Жоспары № Іс-шаралар атаулары Орындалу мерзімі Орындауға жауаптылар 1. Бірінші кезектеіі тәртіпте аудан зейнеткерлеріне зей- нетақыны ай сайын төлеуді қамтамасыз ету мәселесін шешу (10.6 млн. теңге сомасында) өткен ай үшін, ай сайын Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың Маңғыстау филиалы 2. Бюджетке жоспарланған субвенцияны толық көлемде бөліп отыруды қамтамасыз ету 1999 жыл Облыстық қаржы басқармасы 3. Тұрғын үй және балалар жәрдемақысы бойынша бере- шектерді жылға қаралған жос- парлы қаржы бөлу шегівде өтеп отыру 1999 жыл Аудан әкімі, облыстық қаржы басқармасы 4. Ауданның бюджеттік ұйым- дарының коммуналдық қыз- меттері,жылу, электронергия- сы, дәрі-дәрмектер және байланыс қызметтері үшін 43.3 млн теңге көлеміндегі берешектерін өтеу мәселелерін шешу 1999 жыл 99 5. Ауданның мүжәлсіз азаматтарына шағын кредиттер бөлу 1999 жыл Аз қамтылған азаматтарды қолдау қоры, “Микрокредит” ҮЕҰ 6. Ауданның елді мекендерін дербес жылу және электрмен қамтуға көшіре отырып, энергиямен қамту бағдарлама сын жасақтау 1999 жылғы шілденің 1-іне дейін Аудан әкімі, облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы 7. Ауданға ОКИОК қаржысы есебінен мыналарды бөлу: -Бейнеу, Опорный кенттеріндегі, Ақжігіт аулындағы мектептерге 5 жылыту қондырғыларьш; -4 отбасылық дәрігерлік емдеу орындарына (Бейнеу, Опорный кенттері, Ақжігіт аулы) қондырғылар мен арнаулы автокөліктерін; -қашықтағы елді мекендерді ауыз сумен қамту үшін 3 (үш) су таситын автокөліктерін. 1999 жыл Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж. Аманқұлов 8. Алтынсарин, Калинин, Жанкелдин атындағы мектептер үшін АДБ есебінен облысқа келіп түсетін компыотерлық техникалардан бірінші кезекте бөлгізуді қарастыру 1999 жыл Облыстық білім басқармасы 9. Бұрын темір жол бөлімдерінің қамтуында болған электр жүйелері объектілерін коммуналдық меншікке қабылдауды жүзеге асыру 1999 жыл аудан әкімі 10. Төлеп ауылын газ жүйесіне қосуды аяқтау 1999 жыл аудан әкімі