О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2000 года N 1376 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, N 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
Тармақ 2
2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу; кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Шарипова М.Е.