О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2000 года N 1376 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына  (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: I-тармақта: Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi; Курбатов Владимир Николаевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi; Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi; Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары; мынадай: "Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Ақпарат бiрiншi вице-министрi;"; көрсетiлген құрамнан: Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы, Андрющенко Александр Иванович, Лавриненко Юрий Иванович, Мерзадинов Eрғали Серiкбайұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі