О внесении изменений в решение Акима области от 11 декабря 2000 года № 215 «Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2001 год» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің «Қоршаған ортаны тастағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы» 2000 жылғы 11 желтоқсандағы № 215 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң "Қоршаған ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 215 шешiмiне төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) аталған шешiмнiң N 2 қосымшасындағы 2-тармақтың және "Облыс әкiмiнiң "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 215 шешіміне қосымшалар енгізу туралы" облыс әкімінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 170 шешімінің күші жойылды деп саналсын;
Тармақша 2
2) облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 215 шешiмiнiң N 1 қосымшасындағы бiрiншi баған және кестенiң кiшi тақырыбының мәтiнi толығымен алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.