О внесении изменений и дополнений в решение Акима области от 11 апреля 2000 года № 842 "О создании тендерной комиссии по закреплению рыбохозяйственных водоемов и промысловых участков за природопользователями области, распределению лимитов (квот) вылова рыбы" Күшін жойған
Басқа 0
"Балық шаруашылығы су айдындарын және кәсіпшілік учаскелерін облыстың табиғатты пайдаланушыларына бекіту, балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу туралы тендерлік комиссия құру туралы" облыс Әкімінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 842 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы № 88 шешімімен.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік бақылау жасаудың облыстық басқармасы, балық қорын қорғау жөніндегі облыстық инспекция басшылығының ауысуына байланысты Қазақстан Республикасында балық аулаудың қолданылып жүрген Тәртібінің талаптарын орындау үшін, "Балық шаруашылығы су айдындарын және кәсіпшілік учаскелерін облыстың табиғатты пайдаланушыларына бекіту, балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу туралы" облыс Әкімінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 842 шешіміне мынадай өзгерістер ЕҢГІЗІЛСІН:
Тармақ 1
1. Балық шаруашылығы су айдындарын және кәсіпшілік учаскелерін табиғатты пайдаланушыларға бекіту, облыстық балық шаруашылығы су айдындарында балық аулауға және басқа су жануарларын өндіруге лимиттер (квоталар) бөлу жөнінде тендер (конкурс) өткізу Тәртібінің екінші бөлігінде (№ 1 қосымша) 8-тармақ 9-тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:
Тармақша 9
"9) балық аулау учаскелерін, шарттары мен тәртібін балық қорын қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан инспекциясымен келісудің болуы."
Тармақ 2
2. Облыстың балық аулау кәсіпшілігі су айдындарында балық аулауға балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және лимиттерді (квоталарды) бөлу жөнінде облыстық тендер комиссиясы (2000 жылғы 11 сәуірдегі № 842 шешімнің қосымшасы) қµрамына мыналар енгізілсін:
Тоқсейітов Н.Т. - жануарлар және өсімдіктер дүниесін мемлекеттік
бақылаудың облыстық аумақтық басқармасының бастығы
Улмесеков М.К. - балық қорларын қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан
облыстық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы
Тармақ 3
3. Ж.К.Әубәкіров, В.М.Лещенко облыстық тендер комиссиясының құрамынан шығарылсын.