О внесении дополнений в решение Акима области от 11 декабря 2000 года № 956 "Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 2001 год" Күшін жойған
Басқа 0
"Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер нормативтерін бекіту туралы" облыс Әкімінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы № 956 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы № 88 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарындағы кеңестің 2001 жылғы 12 ақпандағы № 17-II/И-1024 және 2001 жылғы 13 наурыздағы № 17-5/И-1024 Хаттамалардың 4 және 5 тармақтарын орындау үшін, сондай-ақ "Қазақмыс" корпорациясы "Востказмедь" филиалының Ертіс мыс балқыту зауытында қара мыс өндірудің тиімсіздігін, преференцияларды тапсырмай тұрып осы өндірістің қызметін жаңғыртудың мүмкін еместігін, ал кәсіпорынның қала қалыптастырушы болып табылатынын және облыс бюджетіне 1000000000 (бір миллиардқа) таяу теңге кіргізетінін, зауыттың іске қосылуы Глубокое кентіндегі әлеуметтік-экономикалық шиеленісті бәсеңсітетінін ескере келіп ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
"Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер нормативтерін бекіту туралы" облыс Әкімінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы № 956 шешімі мына мазмұндағы 12 тармақпен толықтырылсын:
12. "Қазақмыс" корпорациясының "Востокмедь" филиалы Ертіс мыс балқыту зауытында Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген табиғат қорғау іс-шараларын міндетті түрде орындаған және заңнамалық белгілеген тәртіппен арнайы табиғат пайдалануға рұқсат алған жағдайда "Қазақмыс" корпорациясының "Востказмедь" филиалына қоршаған ортаны ластағаны үшін тіркелген төлем жылына 67000000 (алпыс жеті миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.