О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года N 149 и Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 января 2002 года N 67 "Об упорядочении оказания стационарной медицинской помощи лицам, содержащимся в исправительных учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларға, стационарлық медициналық көмек көрсетудi бiр жүйеге келтiру туралы" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2005 N 177, ҚР Әділет министрінің 08.04.2005 N 108 Бірлескен бұйрығымен. ----------Бірлескен бұйрықтан үзінді----------- Тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруге байланысты, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Республикасының Әділет министрі "Келісілді" Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 2005 ж. 8 сәуір "Келісілді" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2005 ж. 24 наурыз
Басқа 1. Күші жойылды деп саналатын кейбiр бұйрықтардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 177 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 108 бірлескен бұйрығына қосымша Күші жойылды деп саналатын кейбiр бұйрықтардың тiзбесi ... 2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларға стационарлық медициналық көмек көрсетудi бiр жүйеге келтiру туралы", (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде N 2084 болып тiркелген), Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 20 қарашадағы N 168 және Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 892 бiрлескен бұйрығы... --------------------------------- "КЕЛІСІЛДІ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ 2 ДӘРЕЖЕЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ӘДІЛЕТ КЕҢЕСШІСІ 2002 ж. 19 қараша "КЕЛІСІЛДІ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИГІ 2002 ж. 4 қараша Қазақстан Республикасының "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларға, стационарлық медициналық көмек көрсетудi бiр жүйеге келтiру туралы" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67 бiрлескен бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiндегi сотталғандарға, соматикалық аурулар және туберкулезбен ауыратындарға стационарлық медициналық көмек көрсету туралы Ережесiнде:
Тармақша 1
1) 2 тармақтағы "немесе АҚТҚ/ЖҚТБ ауруымен ауыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 28 тармақтағы "бен АҚТҚ/ЖҚТБ-дан басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 29 тармақтағы "(АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратын әйелдер және кәмелетке толмаған әйел жыныстылардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) 37 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі