О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 марта 2001 года N 151 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Кәсіптік жоғары білім беретін ұйымдардың қызметін регламенттеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру Ережесінде: 9 тараудың 195-тармағындағы "рұқсат етілмейді" деген сөздер "ерекше жағдай ретінде үздік диплом алуға талапкер бітіруші курс студенттеріне Жоғарғы оқу орны кеңесінің шешімімен рұқсат беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр Ғ.Мұтановқа жүктелсін.