О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2001 года N 155 "О продолжительности ежегодных оплачиваемых отпусков, отдельным категориям гражданского персонала воинских частей, учреждений, предприятий и организаций Министерства обороны Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета", зарегистрированный за N 1615 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1615 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдері, мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдері, мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы" (Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер N 29 бюллетенінде 2001 жылдың 6 тамызында 1615 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 155 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Жауынгерлік даярлықты және Қорғаныс министрлігі үшін басқа да ерекшелікті жұмыстарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындағаны үшін жыл сайынғы төленетін демалыс беруге арналған, жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының, кәсіпорындары мен ұйымдарының азаматтық персоналдары лауазымдары тізбесінің 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Меңгеруші (басшы, бастық); меңгерушінің (басшының, бастықтың) орынбасары, аға көмекшісі, көмекшісі".
Тармақ 2
2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2001 жылдың 6 тамызында 1615 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 1 қазандағы N 325 бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Бұйрық жекелеген әскери бөлімге таратылсын. "Келісілді" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі