О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 11 июля 2001 года N 1/72 "О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы" (зарегистрировано Управлением юстиции города Алматы N 392 от 3 октября 2001 года) Күшін жойған
Басқа 0
"Алматы қаласында жекелеген қызмет түрлерiне лицензия беру туралы" Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 1/72 қаулысына (Алматы қаласы Әділет басқармасында 2001 жылғы 3 қазанда N 392 ретпен тіркелген) толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь iшiмдiктерiн өндiру мен айналымға жiберудi мемлекеттiк реттеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы N 534-II Заңына , сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 269 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласында жекелеген қызмет түрлерiне лицензия беру туралы" Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 1/72 қаулысына (Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 2001 жылғы 3 қазанда N 392 ретпен тiркеп, 2001 жылғы қараша айында "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерiнде Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 1/112 және 2002 жылғы 19 шiлдедегi N 3/396 қаулыларымен енгiзiлген өзгертулерiмен жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 10-қосымша тармақшамен толықтырылсын: "10) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен толайым саудалау;";
мынадай мазмұндағы 11-қосымша тармақшамен толықтырылсын: "11) алкоголь және қара металлдарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен саудалау.";
Тармақша 2
2) қаулы мәтiнi мынадай мазмұндағы 2-1 тармағымен толықтырылсын: "2-1. Экономика жөнiндегi комитет түстi және қара металлдарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен саудалау қызметiне лицензия алуға тiлек бiлдiрушi субъектiлердiң бiлiктiлiк талаптарға сай екендiгiн тексерудi жүзеге асыратын болсын.";
Тармақша 3
3) N 1 қосымша мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: "Қазалкоорталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме саудалауға тұжырымдама беруге".
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 6 қарашадағы "Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен сату жөнiндегi қызметке лицензия алу үшiн кепiлдеме беру туралы" N 1039 шешiмi (Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 2000 жылғы 30 қарашада N 239 ретпен тiркеп, 2000 жылғы желтоқсан айында "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарияланған) күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.