О внесении изменения и дополнений в приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 11 мая 2001 г. N 562 "Об утверждении Инструкции Министерства государственных доходов Республики Казахстан "О порядке представления сведений по остаткам товарно- материальных ценностей, приобретенных до 1 июля 2001 года, и зачета налога на добавленную стоимость" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігiнiң "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтары бойынша мәлiметтер және қосылған құн салығының есебiн беру туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" N 562 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығымен бекiтiлген "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтары бойынша мәлiметтер және қосылған құн салығының есебiн беру туралы" Нұсқаулыққа ұсынылып отырған Өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Әдiстеме департаментi (Yсенова Н.Д.): көрсетiлген Өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлсiн; осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2001 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi. Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2001 жылғы 5 шілде
Басқа 4. "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар мен қосылған құн салығы есебiнiң қалдықтары бойынша мәлiметтер беру тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа Өзгерiстер мен толықтырулар
Бекітілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрі 2001 жылғы 29 маусым N 872 бұйрығымен "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар мен қосылған құн салығы есебiнiң қалдықтары бойынша мәлiметтер беру тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа Өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Заңның 54-бабы 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушi болып табылмайтын филиалдары мен құрылымдары бар заңды тұлғалар мәлiметтердi бас кәсiпорынның әрбiр филиалы мен құрылымдарының қимасында заңды тұлға бойынша бiртұтас алғанда жиынтық кестеге атаған мәлiметтердi бiрлестiрместен бере алады.".
Тармақ 2
2. 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "оларды жүзеге асыру үшiн осы оңайлатылған салық салу режимiн қолдану құқығына патент алған қызмет түрлерi бойынша, - патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолданушы ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушi - заңды тұлғалар; оларды жүзеге асыру үшін осы оңайлатылған салық салу режимiн қолдану құқығына патент алған қызмет түрлерi бойынша, - патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолданушы жеке кәсiпкерлер.".
Тармақ 3
3. 6-тармақтың 2) тармақшасының 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "2) 2001 жылдың 1 шiлдесiнде көрсетiлген арттырулары бар салық төлеушiлер мәлiметтердi құнына, сұрыпына, санаттарына және өзге де өлшемдерi бойынша бөлместен тауарлық-материалдық қор топтары жөнiндегi қимада берiледi. Көмекшi материалдарға және өзге де шығыс материалдарына (кеңсе тауарлары, бланк өнiмдерi, арнайы киiм және басқалары) қатысты тауарлық-материалдық қалдықтар жөнiндегi мәлiметтер бiр сомамен берiледi. Бұл ретте, көмекшi материалдарға қалыпты өндiрiстiк процестi немесе басқа да өндiрiстiк және бiрлiк құны 50 АЕК артпайтын шаруашылық қажеттiлiгiнiң (ұстау, ағымды жөндеулер және үй-жай мен ғимарат жабдықтарын және басқа да негiзгi қаражаттарды пайдалану) шығыстарын қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру процесiнде пайдаланылатын материалдар жатады.".