О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года № 1613 "Об утверждении Положения о семье в детских деревнях" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1613 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1613 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 550-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"; көрсетілген қаулымен бекітілген Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 367 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1613 қаулысымен бекітілген Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже
Бап 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрi – Заң) 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Балалар ауылы әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жастағы жетiден онға дейін тәрбиеленуші бала тұратын және тәрбиеленетін бірнеше отбасыдан, сондай-ақ балалар үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері мен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi тәрбиеленушiлерi белгiлi бiр кезеңде тұруға арналған жасөспірімдер үйлерінен тұрады.
Тармақ 3
3. Отбасы мен балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң өзара қарым-қатынастары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ережеге сәйкес анықталады.
Тармақ 4
4. Балалар ауылындағы отбасы – балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге ықпал етуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиешi ана, тәрбиеленушiлер).
Тармақ 5
5. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi балалардың бiлiм алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен бiлiм алуы жағдайларына бақылауды жүзеге асыруға, тәрбиешi аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.
Бап 2. 2. Тәрбиешi ананың құқықтары мен мiндеттерi
2. Тәрбиешi ананың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 6
6. Тәрбиешi ана қызметке білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылындағы тәрбиешi ана қызметiне конкурс өткiзу тәртiбi туралы ереже негiзiндегi конкурстық iрiктеудiң нәтижесiнде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы әкiмшiлiгi басшысының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 7
7. Тәрбиешi ананың құқықтары мен мiндеттерi оның балалар ауылының әкiмшiлiгiмен жасалатын жеке еңбек шартымен бекiтiледi. Негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) балаларды тәрбиелеу, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасау;
Тармақша 2
2) отбасында адамгершілік-рухани және үй ахуалын жасау жөнінде өзіне жүктелген міндеттерін адал орындау;
Тармақша 3
3) балаларды олардың ой-пiкiрлерiн, балалар ауылы әкімшілігінің ой-пікірін және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ұсынымдарын ескере отырып, тәрбиелеу тәсiлдерiн айқындау;
Тармақша 4
4) бiлiм беру ұйымын және оқыту нысанын таңдау;
Тармақша 5
5) балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуы үшін жағдайды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) өзіне берiлген Заңның 16-бабының 4-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бала құжаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 8
8. Еңбек демалысы кезiнде, ауырған және басқа да дәлелдi себептермен болмаған кезiнде тәрбиешi ананың қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен резервтегi тәрбиешi ана атқарады.
Тармақ 9
9. Балаларды отбасында бағып-күту мен тәрбиелеудi білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгi шартына сәйкес тәрбиешi ана жүзеге асырады.
Бап 3. 3. Балаларды балалар ауылының отбасына iрiктеу
3. Балаларды балалар ауылының отбасына iрiктеу
Тармақ 10
10. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жолдамасы негiзiнде тәрбиешi ана жүзеге асырады. Балаларды балалар ауылының отбасына берген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органдары олардың мүдделерiн басшылыққа алады. Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi ананың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс.
Тармақ 11
11. Ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер-қарындастар медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс.
Тармақ 12
12. Балалар ауылының отбасына берiлетiн әрбiр балаға қорғаншылық және қамқоршылық органдары Заңның 16-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды балалар ауылының әкімшілігіне береді.
Бап 4. 4. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
4. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 13
13. Әрбiр тәрбиеленушi балалар ауылының отбасында он сегiз жасқа толғанға дейін тұруға және тәрбиеленуге құқылы.
Тармақ 14
14. Тәрбиеленушi:
Тармақша 1
1) өзiнiң адамдық қадыр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
Тармақша 2
2) тәрбиешi ана тарапынан қамқорлық көруге және онымен бiрге тұруға;
Тармақша 3
3) әкімшілік, сондай-ақ тәрбиеші ана тарапынан жеке басы үшін пайдаланушылықтан қорғалуға;
Тармақша 4
4) отбасында өзінің мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге;
Тармақша 5
5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын кез келген сот немесе әкiмшiлiк iс қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы.
Тармақ 15
15. Тәрбиеленушiге:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, үйге, сый ретiнде алынған мүлiкке, басқа да заңды негiзде алған мұраға;
Тармақша 2
2) банкiлiк салымнан пайыздар түрiнде алынған табысқа;
Тармақша 3
3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алған табысқа;
Тармақша 4
4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға;
Тармақша 5
5) ата-аналарынан алатын өзiне тиесiлi алиментке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерге құқығы бекiтiліп беріледі.
Тармақ 16
16. Жасы онға толған тәрбиеленушiнiң пiкiрi:
Тармақша 1
1) тәрбиешi ананың бiлiм беру мекемесi мен оқыту нысанын таңдау;
Тармақша 2
2) тәрбиешi ана отбасылық тәрбие мен бiлiм беруге қатысты мәселелердi шешуi;
Тармақша 3
3) сот баланы тәрбиешi анадан өздерiне қайтару туралы ата-аналардың талаптарын қарау;
Тармақша 4
4) сот ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан;
Тармақша 5
5) сот ата-аналардың ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан кезде оның мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, ескерiлуге мiндеттi.
Тармақ 17
17. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, жалпы орта және кәсiптiк бiлiм алу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған не олар өз құқықтарын терiс пайдаланған жағдайда, баланың өз бетiнше құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн сотқа жүгінуге құқығы бар.
Тармақ 18
18. Тәрбиеленушiнiң бұрынғы отбасына қайта оралуы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Балалар ауылындағы отбасы қызметі балалардың мүддесі үшін ұйымдастырылады және оларды әлеуметтік қорғауға, әлеуметтік бейімдеуге бағытталған.