О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2001 года № 789 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 12, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде: 8-тармақта: 9) тармақшадағы «мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді» деген сөздер «мүдделі органдарға жәрдем көрсетеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) тармақша алынып тасталсын; 9-тармақта: 9) және 10) тармақшалар алынып тасталсын; 11-тармақтың екінші абзацындағы «қарау кезінде» деген сөздер «сот қараған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақ алынып тасталсын; 16-тармақта: төртінші абзацтағы «, он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар» деген сөздер алынып тасталсын; бесінші абзац алынып тасталсын; алтыншы абзацтағы «және әкімшілік құқық бұзушылық» деген сөздер алынып тасталсын; 18-тармақтың үшінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.