Об итогах социально-экономического развития области за 11 месяцев 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың 2001 жылғы 11 ай ішінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 12.11.2004 № а-10/266 қаулысымен.
2001 жылғы 11 айының облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылап, облыс әкімият отырысы экономиканың негізгі салаларында өндірістің тұрақтануын, әлеуметтік салада оң өзгерістердің бар екендігін атап өтті.
Өнеркәсіп өнімінің нақты мөлшерінің индексі есеп беру кезеңі ішінде 108% құрастырды. Өндірістің өсуі біршама кәсіпорындар бойынша байқалуда, өнімнің маңызды түрлерін шығару көбейді.
32 жаңа кәсіпорын іске қосылды, жұмыс істейтін кәсіпорындарда 3451 жұмыс орны құрылды, жандандырылды.
Күрделі ауа райы жағдайында астық жинау аяқталды. Астық шығымы гектарынан 13,7 центнер құрастырды. Бункерлік салмақпен 4,5 млн. тоннадан астам астық жиналды.
Мал шаруашылығында мал мен құстың барлық түрлерінің басы көбейді, өнім шығару ұлғайды. Ауылшаруашылығы жалпы өнімінің мөлшері өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 22 %-ға көбейді.
Сонымен бірге экономиканың дамуында кемшіліктерде бар. Нан, май, ұн, арақ, спирт, темір кенін өндірудің мөлшері азайтылған. Өткен жылдың 11 айлық деңгейіне Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Қорғалжын аудандарының өнеркәсіп кәсіпорындары шықпады. Облыстың ауылшаруашылық кәсіпорындарында мал мен құс бастары, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру баяу қарқынмен көбеюде. Табынды жандандыру мен мал өнімділігінің көрсеткіштері төмен.
Күрделі құрылыстағы инвестициялар 2,8 есе өсті. Шағын бизнес субъектілері санының өсуі байқалады. Олар шығарып жатқан өнімнің мөлшері 1,6 есе өсті, бюджетке түсетін салық пен төлемдер 25,7% көбейді.
Салық және басқа міндетті төлемдер бойынша болжам 104,5% орындалды, оның ішінде республикалық бойынша 112,5%-ға, жергілікті бойынша 100,4%-ға. Сонымен бірге 6 аудан мен қалаларда жергілікті бюджетке түсетін салықтың жоспары орындалмаған: Сандықтау (79%), Астрахан (84%), Степногорск қаласында (88%), Көкшетау қаласында (94%), Бұланды (98%), Егіндікөл (99%) аудандарында.
Салықтың жеке түрлері бойынша бюджетке 820 млн. теңгеден астам түскен жоқ, оның ішінде жергіліктіге - 791 млн. теңге, оның ішіңде акциздар бойынша 382 млн. теңге (о.і. жергілікті бюджетке 378 млн. тенге); әлеуметтік салық бойынша 159 млн. теңге, заңды тұлғалардан алынатын мүлік салығы 59 млн.теңге, кіріс бойынша салық 52 млн.теңге және т.б. Бюджетке мерзімінде алынбаған алымды қысқарту жұмысы осал жүргізілуде.
Шаруашылықпен айналысатын субъектілердің еңбекақы бойынша борышы көп болып қалуда.
Ресми жұмыссыздық деңгейі 1,4 тармаққа қысқартылды, 3,3% құрастырды.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту үшін облыс әкімияты қаулы етті:
Тармақ 1
1. Қала мен аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) кәсіпорындар жұмысын талдасын және олардың жұмысын жақсарту бойынша шаралар қарастырсың, басты назарды осы жылдың қорытындысы бойынша 2000 жылдың деңгейіне көтерілуге аударсын;
Тармақша 2
2) шағын бизнесті несиелеуге қарастырылған жергілікті бюджеттің қаражатын толық игеру бойынша шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық комитетімен және статистика органдарымен бірге мәліметтердің бірыңғай базасын қалыптастыру жөнінде жұмысты жалғастырсын;
Тармақша 4
4) салық түрлері бойынша түсім жоспарының сапалы орындалуына тұрақты бақылау жасасын, салық бойынша мерзімінде алынбаған алымды жабу жөнінде тиімді шаралар қолдансын;
Тармақша 5
5) жергілікті жерлерде бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтсін, оларды аймақтың маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындауға жұмсасын;
Тармақша 6
6) кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 7
7) бюджеттік ссудалардың қайтарылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 2
2. Өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, кала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) өнім шығару мөлшері бойынша жіберілген кешеуілдің орнын толтыруға шаралар қолдансын, облыстың барлық аудандары мен қалалары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты мөлшерінің индексін өткен жылдың деңгейінен жыл қорытындысы бойынша 100% төмендетпей қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тұралап қалған кәсіпорындарға жан беру және жаңа кәсіпорындар құру кестесінің орындауды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Аудан және қала әкімдері 2001-2002 ж.ж. жылу беру кезеңінің барысын тұрақты бақыласын. Кажетті отынның қоры кем дегенде 1 айға жететіндігін, коммуналдық қызмет үшін қаражаттың толық жиналуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар, ауыл шаруашылық басқармалары, қала мен аудан әкімдері ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу бойынша кәсіпорындар жұмысына ерекше назар аударсын, 2001 жылдың астығының бар болғанын есепке ала отырып диірмендердің үзіліссіз жұмысын 2002 жылдың соңына дейін қамтамасыз етсін, спирт-арақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандырсын, ет комбинаттарында мал өңдеу қарқыны күшейтілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Степногорск қаласының әкімі, «КазСабтон» ЖАҚ атқарушы дирекциясымен бірігіп осы кәсіпорынның жұмысын талдасын және өнімнің маңызды түрлерін шығару бойынша тежеушілік жіберілгенді жою жөнінде қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) қолда бар астық ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шараларды жүзеге асырсын, оның ішінде сатып алынған ЖЖМ, тұқым ссудалары үшін несиелік борыштың өтелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тазаланған тұқымды оның сапасын белгілеу үшін уақытында зертханалық талдауға берілуіне бақылау орнатсын, сортты жаңарту үшін жоғары репродукциялы аудандандырылған тұқымның берілуін шешсін;
Тармақша 3
3) мал басының санын көбейту бойынша және қыстан ұйымшылдықпен шығуға шаралар қолдансын;
Тармақша 4
4) машина - трактор паркін жөндеуге ерекше назар аударылсын, ауыл шаруашылық техниканы лизингтікпен беру жүйесін кеңейтсін.
Тармақ 7
7. Облыстық автожол басқармасы (Долгих Г.В.), сәулет, құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (Рыспаев А.М.), Ақмола «Қазақавтожол» РМК филиалы (Құлышев Б.Ш.) (келісім бойынша), аудан әкімдері қысқы жағдайда жолдың ашықтығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.):
Тармақша 1
1) бюджеттік ұйымдар бойынша дебиторлық және кредиторлық борышты азайтсын;
Тармақша 2
2) ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдалануына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Салық комитеті (Райымбаев А.Х.):
Тармақша 1
1) салық түрлері және бюджеттер бойынша түсім жоспарының сапалы орындалуы жөнінде пәрменді шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) мерзімінде алынбаған алымды ірі борышкерлердін қайтаруы жөнінде жұмыстарды күшейтілсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қадағалайтын салалары бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.