О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2002 года N 291 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы N 291 қаулысына өзгеріс енгізу туралы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын , "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысын іске асыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттік субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы N 291 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 72-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттік субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесінде: 12-тармақта "1 қарашадан" деген сөздер "10 желтоқсаннан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.