О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 487 "Об утверждении Правил отбора и приема на факультет подготовки руководящих кадров органов внутренних дел и специалистов воспитательных аппаратов (факультет N 1) Академии Министерства внутренних дел Республики Казахстан", зарегистрированный за N 1934 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1934 тiркелген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 487 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) кадрларды даярлау мамандығының өзгеруiне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1934 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде 2002 жылғы қазан айында N 39 жарияланған) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 487 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiнде: 2-тармақтағы "070400 - "Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару" деген сөздер "521650 - "Заңтану" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "iшкi iстер органдарында басқару - магистр" деген сөздер "заңтану магистрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Тәрбие және кадр жұмысы департаментi (Б.Н.Өмiрзақов) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер бiрiншi вице-министрi полиция генерал-майоры И.Оттоға жүктелсiн.