О внесении изменений в Приказ Председателя Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 69 "Об утверждении Инструкции по продлению и завершению сроков реабилитационной процедуры, конкурсного производства и внесудебной ликвидации должника", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1942 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1942 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 69 "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің соттан тыс борышкерлерді таратудағы мерзімдерінің аяқталуы және ұзартылуы Нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1942 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 69 "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің соттан тыс борышкерлерді таратудағы мерзімдерінің аяқталуы және ұзартылуы Нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрығына (Одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің соттан тыс таратудағы мерзімдерінің аяқталуы және ұзартылуы Нұсқаулығына" 3 қосымшасындағы:
"шешім", "шешімге" сөздері "бұйрық", "бұйрыққа" сөздеріне ауыстырылсын;
екінші абзацында "2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің сұрақтары" сөздері "2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген сұрақтары" сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.