О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года N 993 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 327-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. "Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.