О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2003 года N 796 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың" тiзбесi: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 9-1 және 9-2-жолдармен толықтырылсын: "9-1  Ауылдық денсаулық сақтау саласында ұтқыр және телемедицинаны дамыту                           28,00 9-2  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру                12,00"; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi       23-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi 23 Щучинск қаласындағы республикалық шаңғы спорт базасы  7,43".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі