О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2003 года N 796 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы" республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-1-жолмен толықтырылсын: "20-1  Астана қаласының жаңа iскерлiк орталығында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ғимаратын салу                              13,36".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі