О внесении изменений в постановление акимата города Уральска от 11 декабря 2003 года № 1318 «О городской комиссии по защите прав несовершеннолетних» (рег. № 2399 от 26 декабря 2003 года) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы № 1318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2003 ж. 26 желтоқсандағы тіркеу № 2399) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын, "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегi комиссия туралы Үлгі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 Қаулысын, "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегi комиссия туралы" Орал қаласы әкімдiгінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 1318 қаулысын басшылыққа алып, қала әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 26 желтоқсанда 2399 нөмiрмен тiркелген, "Пульс города" газетінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 4 санында, "Жайық үнi" газетінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 5 санында жарияланған "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегi қалалық комиссия туралы" Орал қаласы әкімдiгінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 1318 қаулысының 2-тармағы алынып тасталсын және жаңа редакцияда баяндалсын: "Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 Қаулысымен бекiтiлген кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегi комиссия туралы үлгі ереженi басшылыққа алсын".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. И. Тарасенкоға жүктелсiн.