О внесении изменений в постановление акимата области от 11 августа 2003 года № 577 «О создании при акиме области координационного совета по вопросам развития агропромышленного сектора» (регистрационный № 3433) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 577 «Агроөнеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» қаулысына (тіркеу № 3433) өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Агроөнеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 577 қаулысына (тіркеу № 3433) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы үйлестіру кеңесінің құрамы келесі редакцияда жазылсын: «Еламанов Бекмырза Қайыпұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға Мұхамедов Бағдат Бахтиярұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы, төраға орынбасары (келісім бойынша) Кеңес мүшелері: Шәменова Балжан Мөрәліқызы - облыстық экономика басқармасының бастығы Нұртазаев Бахыт Әбдіғаппарұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайүлы «Қызылорадасушаруашылығы» облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Қарлыханов Төрехан Қарлыханұлы - Арал өңірі агроэкологиясы жэне ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша) Ахметов Байкенже Қалдыбекұлы - облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасының бастығы Түсіпбаева Қарлығаш Мұхтарқызы - «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша өкілі. (келісім бойынша) Ахметов Қуанышбек Ахметұлы - облыстық табиғат қорғау шаралары басқармасының бастығы Төребаев Шахизат Хамитұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы (келісім бойынша)»
Тармақша 2
2) 3-тармақтағы «Мұхамедовке» деген сөз «Еламановқа» деген сөзбен ауыстырылсын.