О внесении изменении в решение акима области 11 февраля 2003 года № 8 «Об организации и проведении предупредительных мероприятий по защите области от весеннего паводка 2003 года» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 8 «2003 жылғы көктемгі су тасқынынан облысты қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын жүргізу және ұйымдастыру туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 105 «Облыс әкімиятының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 316 «Атырау облысының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің 2003 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының Паспорттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылгы 23 қаңтардагы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2003 жылгы 11 ақпандагы № 8 «2003 жылгы көктемгі су тасқынынан облысты қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын жүргізу және үйымдастыру туралы» (2003 жылғы 17 наурызда №1351 Атырау облысының әділет басқармасында тіркелген, облыс әкімінің 2003 жылы 9 сәуірдегі №29 шешімімен өзгеріс енгізілген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
4 қосымшага:
«Қаражат (млн. теңге)» бағананың реттік саны 2 жолындағы «24 346 (жиырма төрт миллион үш жүз қырық алты мың) теңге» сөздері «39 346 (отыз тоғыз миллион үш жүз қырық алты мың) теңге» сөздерімен ауыстырылсын.
«Қаражат (млн. теңге)» бағананың «жиыны» жолындағы «118 700,0 (бір жүз он сегіз миллион жеті жүз мың) теңге» сөздері «133 700,0 (бір жүз отыз үш миллион жеті жүз мың) теңге» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Нокинге жүктелсін.