Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларымен 2004-2005 оқу жылында 5 күндік далалық оку жиынын өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларымен 2004-2005 оқу жылында 5 күндік далалық оку жиынын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 кантардағы Занына, Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қантардағы Заңына, «Бастапкы әскери даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы қаулысына сәйкес және облыс әкімиятының 24 наурыз 2005 жылғы № 86 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Аудандағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларымен 2005 жылдың 17-21 мамыры аралығында Алтықарасу орта мектебі базасында далалық оқу жиыны өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім және спорт бөлімі /Г. Дулатбай/, аудандық қорғаныс істері бөлімімен /С. Қосмамбетов/ бірлесе отырып, бес күндік далалық оқу жиынын өткізудің бағдарламасы мен шараларының жоспарын жасасын. Жиын өткізетін орынды, жиынның штатын, аталған шараны өткізуге жауапты адамдарды анықтасын.
Тармақ 3
3. Бес күндік далалық оқу жиыны кезінде жалпы білім беретін 11-ші сыныптарының қыздары медициналық емдеу мекемелерінде тәжірибеден өткізілсін. Тәжірибеден өту тәртібі мен орнын аудандық орталық аурухана /Р. Давлеткалиев/, білім және спорт бөлімі /Г. Дулатбай/ және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманымен /И. Қойбағаров/ келісе отырып белгілесін.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық аурухана /Р. Давлеткалиев/, жиынды өткізу орындарда оқушылардың елеулі түрде көп жиналатындығына байланысты оқушылардың жұқпалы, тағы да басқа аурулармен науқастанып құлауына қарсы медициналық шаралар белгілесін, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім және спорт бөлімінің маманы /А. Балбосынов/ жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақыласын және спорттық шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі /Ж. Әліқұлов/ далалық оқу жиыны өткізілетін орындарда қоғамдык тәртіптің сақталуын камтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қаржы және экономика бөлімі /М. Нұралин/ белгіленген қажетті қаражатты сметаға сәйкес бөлсін. /1-қосымша/
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өтеповке жүктелсін.