О внесении изменений в постановление акимата Костанайского района от 11 марта 2004 года № 140 «Об оказании адресной социальной помощи» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімдігінің «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2004 жылғы 11 наурыздағы № 140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 64-1-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2004 жылғы 11 наурыздағы № 140 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2004 жылғы 5 сәуірдегі № 2860 болып тіркелген, аудандық Көзқарас-Взгляд № 19 газетінде 2004 жылдың 14 мамырында жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қаулы мәтінінде 2-тармақтын 11-тармақшасы, қаулының 1-қосымшасындағы 6-бөлім жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.