О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 11 февраля 2004 года № 28 «О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года», номер государственной регистрации 2746 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облыстық әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы», мемлекеттік тіркеу номері 2746, қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 «2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына және ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру үшін қарызгер - банктің қызметтерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс қорытындысы хаттамасына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу номері 2746, «Қостанай таңы», 2004 жылғы 3 наурыз, № 26, «Костанайские новости», 2004 жылғы 16 наурыз, № 38): ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде несиелендіру Ережесінің 4 тармағы қоса берілген қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде несиелендіру Ережесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 94 қаулысына қосымша Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде несиелендіру Ережесі 4 тармақ. Бюджеттік несиелеудің шарттары:
Тармақша 1
1) шарт бойынша міндеттеме алған қатысушылар: «Кредитор» - Қостанай облысының әкімияты Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) 391700052737, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66); «Қарызгер-банк» - «Цеснабанк» ашық акционерлік қоғамы (ААҚ) (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі СТН 391700000096, Қостанай қаласы, Дулатов көшесі, 58);
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарлама атауы: 010 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредит беру»;
Тармақша 3
3) шарт жасаудың мақсаты: 2004 жылғы көктемгі дала және - егін жинау жұмыстарын уақытында және нәтижелі өткізу;
Тармақша 4
4) ақшалай міндеттемелердің көлемі - 1 072 000 мың теңге;
Тармақша 5
5) кредит валютасы - теңге;
Тармақша 6
6) кредит беру формасы - қысқа мерзімді кредит;
Тармақша 7
7) сыйақы мөлшерлемесі - нөлдік;
Тармақша 8
8) қарыздың негізгі сомасын өтеу мерзімі - 2004 жылдың 26 қарашасы;
Тармақша 9
9) қарыздың негізгі сомасын өтеу кестесі - келісімде қарастырылған бір мерзімде;
Тармақша 10
10) кредит алушыларға міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға рұқсат етіледі;
Тармақша 11
11) қарыздың негізгі сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі жеңілдіктер кезеңінің болуы (болмауы) қарастырылмаған;
Тармақша 12
12) кредитті қамтамасыз ету (кепіл түрі) - банктер және үшінші жақтардың кепілдіктері, мүлік кепілдігі, үшінші жақтардың кепілдігі;
Тармақша 13
13) екі жақтың шарт талаптары бұзылған жағдайда қолданатын іс-қимыл - шарт талабын бұзған жақ облыс бюджетінің кірісіне айып төлейді;
Тармақша 14
14) «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын несиелеуді орналастырғаны үшін екінші деңгейдегі банкілерге комиссиялық сыйақы төлеу» 007 бағдарламасы бойынша орналастырған кредиттің сомасынан 2 пайыз мөлшерінде комиссиялық сыйақы төленеді.