О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 11 февраля 2004 года № 28 «О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года» номер государственной регистрации 2746 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2746, қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қостанай облыстық мәслихатының үшінші шақырылуының бесінші сессиясы 2004 жылғы 17 тамыздағы № 106 «Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 «Қостанай облысының 2004 жылғы арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне және облыстық бюджеттік комиссияның 2004 жылғы 17 тамыздағы отырысының хаттамасына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2746, «Костанайские новости» газетінің 2004 жылғы 16 наурызындағы № 38 және «Қостанай таңы» газетінің 2004 жылғы № 26 жарияланған) қаулысына өзгерістер енгізілсін: «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы несие беру ережесінің» 4-тармағындағы «Бюджеттік несиелендіру шарттары» 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «ақшалай міндеттемелерінің мөлшері - 1 000 000 мың теңге; осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Басқа 2. 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған облыстық бюджет есебінен несиелендіру қаражат көлемі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының «Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы № 28 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қолдау туралы, мемлекеттік тіркеу № 2746, қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы «31» тамыздағы № 246 қаулысына қосымша 2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған облыстық бюджет есебінен несиелендіру қаражат көлемі № Аудандар мен қалалар Несиелендіру көлемі, мың теңге 1 Алтынсарин 60 000 2 Әулиекөл 66 000 3 Денисов 75 000 4 Жітіқара 49 600 5 Қамысты 75 000 6 Қарабалық 70 000 7 Қарасу 96 000 8 Қостанай 100 800 9 Меңдіқара 60 000 10 Науырзым 18 000 11 Сарыкөл 70 400 12 Таран 40 000 13 Ұзынкөл 55 000 14 Федоров 89 200 15 Арқалық қаласы 75 000 БАРЛЫҒЫ 1 000 000