О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2004 года № 437 "Об утверждении Правил регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов" Қолданыста
Басқа 0
"Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.»"Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3349 тіркелген,»"Ресми газетте" 2005 жылғы 19 ақпанда N 8 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Республикалық бюджеттен берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, республикалық бюджеттен қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алуына жатады.
Жергілікті бюджеттерден берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, тиісті жергілікті бюджеттерден қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның есепке алуына жатады".
Тармақ 2
2. Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.