О внесении изменений в постановление акимата области от 11 мая 2004 года № 73 «О создании комиссии по выдаче разрешений на привлечение иностранной рабочей силы» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөнінде комиссия құру туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы мамырдағы № 73 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 21-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңы11-бабы 2-1 тармағына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғыы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Шетел жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссияны құру туралы» облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 11 мамырдағы №73 қаулысына (тiркеу № 1280 2004 жыл 11 маусым, «Солтүстiк Қазақстан» 2004 жыл 25 маусым, «Северный Казахстан» 2004 жыл 25 маусым) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1 тармақта «қосымшаға сәйкес құрамда» деген сөздер алыптасталсын; 4 тармақта «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi» деген сөздер «Солтүстiк Қазақстан облысның жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi» деген сөздермен ауыстырылсын; Облыс әкiмдiгiнiң аталған қаулысымен бекiтiлген Шетел жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 1.3. тармағында, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi» деген сөздер «Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi» деген сөздермен ауыстырылсын.