О внесении изменения в решение Лисаковского городского маслихата от 11 ноября 2005 года № 204 «Об утверждении единой ставки акциза для налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в сфере игорного бизнеса» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құмар ойын бизнес саласында кызметін жүзеге асыратын, салық төлеушілер үшін акциздің бірыңғай ставкасын бекіту туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2005 жылғы 11 қарашадағы № 204 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 258-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, бұрын қабылданған қалалық мәслихатының шешімін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру мақсатында Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Құмар ойын бизнес саласында қызметін жүзеге асыратын, салық төлеушілер үшін акциздің бірыңғай ставкасын бекіту туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2005 жылғы 11 қарашадағы № 204 шешіміне нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-31 болып тіркелген, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 49 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ойын бизнес саласында қызметін жүзеге асыратын, салық төлеушілер үшін акциздің бірыңғай ставкасы белгіленсін: букмекер кеңсесінің кассасы - жылына 40 айлық есептік көрсеткіштер.».
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуына бақылау жасау экономика, экономикалық даму, бюджет жэне бағдарламалар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.А.Желтяковқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.