О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 февраля 2005 года № 97 "Об утверждении Правил учета лиц, состоящих под административным надзором" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 171 және 172-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 4 қарашада № 204-205 (938-939) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары: 1) сынақтар қабылдай отырып, әкімшілік полиция, криминалдық полиция, ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелері жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін; ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, криминалдық полиция және ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыра тексеруді, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын; 2) әкімшілік қадағалауда тұратын және соттылық белгілері бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысына түсетін адамдардың тарапынан қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді бұзуды анықтау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға түсетін патрульдік жасақшаларының олардың тізімімен; соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарға қажетті есепке алу материалдарын ашу, оларды ашудың негізділігіне, толықтығына және профилактикалық жұмыстың нәтижелеріне комиссиялық тексеруді жүзеге асыруды; ойластырылып, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы ақпаратты уақтылы алу, әкімшілік қадағалауда тұрған және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдардың қылмыстық әрекетінің алдын алу және жолын кесу, әкімшілік қадағалаудан жалтарып жүрген адамдарды іздестіру мақсатында оларға бақылау жүргізуде жедел-іздестіру мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды; әкімшілік қадағалау орнатылуы мүмкін адамдарға қатысты ақпарат алу мақсатында олардың мінез-құлқы мен өмір салты туралы жедел хабардар болуды арттыру жөніндегі қосымша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды; әкімшілік қадағалауда тұрған адамдар қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қадағаланушылармен жүргізілетін жеке профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы (Р.Н. Закаргаева) әкімшілік қадағалауда тұрған және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етсін.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесінде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Учаскелік инспектор мекемеден хабарлама, сондай-ақ әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алған сәттен бастап тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін тапсырма жоспарын толтырады (Ережеге 2-қосымша) және «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасына жолдайды. Таңдаған тұрғылықты жеріне келгеннен және қадағалаудағыны есепке қойғаннан кейін учаскелік инспектор оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және уақтылығын бақылайды, бас бостандығынан айыру орындарынан жіберілген ақпараттық-іздеу картасында (бұдан әрі – Т-АІК) көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді, Заңның 7-бабында көзделген шектеу орнату туралы өз ұсыныстарын ішкі істер органының бастығына баяндайды, қадағалаудағыға байланыс сызбасын (3-қосымша) толтырады. Қадағаланушының сырт пішінінің өзгеруі (татуировкалар), тұрғылықты жерінің, жұмысқа орналасуының өзгеруі туралы ақпарат түзету парағына енгізіледі және ақпараттық-аналитикалық орталықтың бөлімшелеріне (бұдан әрі - ААО) бір тәулік ішінде жіберіледі. Сол сияқты қадағаланушыға байланысты барлық өзгерістер ААО түзету парағымен хабардар етіледі. Аса қауіпті қылмысты қайталап жасаған адам деп танылған қадағаланушыға үш жұмыс күн ішінде оның тұрғылықты жері туралы жазбаша хабарлама дайындалады және ААО-ға (4-қосымша) жіберіледі.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдар таңдаған тұрғылықты жеріне келген соң мұндай адам келген учаскенің учаскелік инспекторы босатылған адаммен әңгімелеседі, бас бостандығынан айыру орындарынан келіп түскен ақпараттық іздеу карточкасында көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырады және оны есепке қойылған күннен бастап үш күннің ішінде ААО-ға жібереді (егер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде оған ақпараттық-іздеу карточкасы толтырылмаса, онда оны учаскелік инспектор толтырады), оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережелерінің сақталуы үшін жауапкершілігі туралы, қоғамдық тәртіпті бұзған немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, әкімшілік қадағалау орнату мүмкіндігі туралы оны қолхатпен ескертеді. Одан кейінгі барлық өзгерістер туралы ААО түзету парағымен хабардар етіледі.»; 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қадағалау ісіне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтаманың, сот үкімдерінің көшірмелері (олар болмаған жағдайда учаскелік инспектор түзеу мекемесіне сұрау салады), соттылығын тексеру талабы және «Қазақстан Республикасы ІІМ Web интерфейс» «Есептегі элемент» есебінің басып шығарылған электрондық карточкасы жолданады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Қадағаланушының бас бостандығынан айыру орындарынан босаған күнінен бастап үш жыл өткен соң оған арналған қадағалау ісі Ішкі істер министрі айқындаған тәртіпте оны кейіннен тізімдік есепке ауыстырумен тоқтатылады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Есепте тұрған адамның жаңа тұрғылықты жерге көшуі туралы ААО түзету парағымен хабарланады, ал қадағалау ісі және Т-АІК ол тіркелуі тиіс жердегі ішкі істер органына жіберіледі. Есепте тұрған адамның жаңа мекенжай бойынша тіркелгені туралы да ААО түзету парағымен хабарланады.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Учаскелік инспектор қадағалау ісінің барлық материалдары тігілетін әкімшілік қадағалау ісін ресімдейді, әкімшілік қадағалау істерін және ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келген қадағаланушыларды тіркеу журналының бірінші бөліміне есепке алады.»; 31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «31. Қадағаланушыға тіркелу үшін ішкі істер органына келу түріндегі шектеу белгіленген жағдайларда ішкі істер органы бастығының нұсқауы бойынша мұндай тіркеуді учаскелік инспекторларға басшылық жасау жөніндегі әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкері, учаскелік инспектор, ішкі істер органы бойынша кезекші жүзеге асырады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына (11-қосымша) белгі қойылады.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Қадағаланушы басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкері, ал ол болмаған жағдайда учаскелік инспектор немесе ішкі істер органы бойынша кезекші әкімшілік қадағалау істерін және ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген қадағаланушыларды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді, бір тәулік ішінде бұл адам тұратын аумаққа қызмет көрсететін учаскелік инспекторға қадағаланушының келгені және кеткені туралы хабарлайды, бағыттық парағына тиісті белгілер қояды, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртабанымен) растайды.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Әкімшілік қадағалауда тұрған адам тұрақты тұратын жерін ауыстырған жағдайда қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік инспектор бұл туралы қадағаланушының жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына хабарлайды (16-қосымша). Қадағаланушының жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органы үш күн мерзім ішінде сұрау салуға, ал бұрынғы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органы салынған сұрау бойынша сол адамға әкімшілік қадағалау ісін жіберуге міндетті. Әкімшілік қадағалау ісін алушы ішкі істер органы үш күн ішінде қадағаланушының тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне түзету енгізеді. Осыған ұқсас түзетулер «Бүркіт» БАЖ-ға қадағаланушыны бас бостандығынан айыруға соттаған кезде және қайтыс болған жағдайда жүргізіледі.»; 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «44. Қылмыстың аса қауіпті рецидивін жасаған адам таңдап алған тұрғылықты жеріне белгіленген мерзімде келмеген жағдайда учаскелік инспектор бес күн мерзім ішінде бұл туралы ААО-ға хабарлайды.»; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. Әкімшілік қадағалау орнатылған адам заңда белгіленген мерзімде таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда ішкі істер органдары оның болған жерін және келмеу себебін анықтау бойынша бастапқы іс-шаралар жүргізеді. Көрсетілген адамның болған жері анықталмаған жағдайда ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеуді бастайды, бұлтартпау шарасын таңдай отырып, оны іздестіруге жариялайды»; 47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «47. Әкімшілік қадағалау Заңның 14-бабында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылады. Егер қадағаланушы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шарасына сотталған болса, онда оның өмір сүру салтын және мінез-құлқын қадағалау пробация қызметімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, жүзеге асырылады.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Заңды белгіленген тәртіппен әкімшілік қадағалау тоқтатылған адамдарды немесе соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды бас бостандығынан айыру орындарынан босаған уақыттан бастап үш жыл мерзім өткеннен кейін учаскелік инспекторлар Ішкі істер министр айқындаған тәртіпте бұрын сотталғандар ретінде тізімдік есепке қояды.»; 1-қосымшада: Әкімшілік қадағалау ісіндегі құжаттар тізбесінде: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Ішкі істер органдарына жіберілетін хабарламалардың (түзету парақшаларының), «Бүркіт» БАЖ-ға енгізу туралы тапсырма-жоспардың көшірмелері»; 6-қосымшада: әкімшілік қадағалау істерін және қалалық, аудандық ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұруға келген қадағаланушыларды тіркеу журналында: бірінші бөлігінде: 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Бүркіт» БАЖ-ге енгізу күні; 7-қосымшада: Әкімшілік қадағалау ісіндегі құжаттар тізбесінде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ішкі істер органдарына жіберілетін хабарламалардың (түзету парақшаларының) көшірмелері.»; ережелерге 2, 4-қосышалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 17-қосымша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 1. Тапсырма
«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 852 бұйрығына 1-қосымша Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесіне 2-қосымша Нысан Бекітемін _____________________________________ _____________________________________ Тапсырма Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу Тапсырма негізі:____(сілтеме)_________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Тапсырманың жарамдылық мерзімі І__І__І І__І__І І__І__І__І__І дейін (ӘҚ-ның аяқталған күні)         (күні)   (айы)     (жылы) Тегі кириллица ___________________________________ латынша ____________________________________ Аты кириллица ____________________________________ латынша ____________________________________ Әкесінің аты кириллица ___________________________ фотоның орны латынша _________________________________ Туған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І (күні) (айы)      (жылы) Жыныс _______________ Азаматтығы __________________________________________________________ Ұлты ________________________________________________________________ Туған күні __________________________________________________________ (облысы, елді мекені) Туған жері __________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Адам туралы қосымша деректер:________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ табылған жағдайда кімге хабарлау керек Жұмыстан тыс уақытта: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Процессуалдық сипаттағы қандай шараларды жүргізу қажет: _____________ _____________________________________________________________________ Кім санкциялады: ____________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Бастамашы: _____________________________________________________________________ (мемлекеттік орган) _____________________________________________________________________ (бөлімше) _____________________________________________________________________ (лауазымы) _____________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні) (телефоны) Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І (күні) (айы)      (жылы)
Басқа 2
«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 852 бұйрығына 2-қосымша Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесіне 4-қосымша Нысан ААО бастығы __________________________ ІІД, ҚАІІБ атауы __________________________ __________________________ мекенжайы Аса қауіпті қылмыс рецидивін жасаған адам деп танылған_________ _____________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты, _____________________________________________________________________ туған күні мен туған жері 200__ жылғы «___»________________ тіркелген, кеткен, тіркелген жерін өзгертті және қазіргі уақытта _________________________________ _____________________________________________________________________ мекенжайы бойынша тұрып жатқандығы (керегін сызыңыз) жөнінде хабарлаймын. Бастық _______________________________ қалалық, аудандық ішкі істер органының ______________________________________ атауы ______________________________________ атағы, қолы, тегі және аты-жөні 200__ жылғы «___» ______________