О внесении изменений в постановление акимата от 11 апреля 2006 года № 118 «О корректировании средней урожайности (продуктивности) среднего уровня производственных расходов, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 118
"Орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика
органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30 - тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2006 жылғы 11 сәуірдегі №118 «Орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика
органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына (тіркеу нөмірі 9-7-35, «Әулиекөл» газетінде 2006 жылғы 27 сәуірде жарияланған) өзгерістер
енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакциясында жазылсын:
«20 пайызға азайту жолымен, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда, нормативтік карточкада келтірілген осы орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды 60 пайызға түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткең соң қолданысқа енгізіледі.