О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 июля 2006 года № 253 "О некоторых вопросах проведения легализации имущества в налоговых органах" Қолданыста
Басқа 0
"Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Салық органдарында мүлiктi жария ету жүргiзудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 12 шілдеде N 4288 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдедегі N 132 (1112) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта "мүлікті" деген сөздің алдынан "ақша қаражаттарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақта "Маман" деген сөз "ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында маман" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта "жария етуге ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Ақша қаражаттарын қоспағанда мүлікті жария ету жағдайында маман құжаттарды қарау нәтижесі бойынша төмендегі екі ұсыныстың бірін қабылдайды:
1) өтінішті қабылдау туралы;
өтінішті қайтару туралы."
18-тармақта:
"Комиссия" деген сөзден кейін "/маман (ақша қаражаттарын жария ету жағдайында)" деген сөздермен толықтырылсын;
"16-тармағында" деген сөз "16 және 16-1 тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша "(ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында)" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте хатта жария етуге ұсынылған мүліктің түрі туралы мәліметтер болмауы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Салық органдарында мүлікті жария ету туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі жария етуге ұсынылған құжаттардың салық органына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы керек.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ.Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.