О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 июля 2006 года № 253 "О некоторых вопросах проведения легализации имущества в налоговых органах" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4288 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдеде N 132 (938) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4387 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 22 қыркүйекте N 170 (976) жарияланған "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 6-тармақтағы "сәуірге" деген сөз "шілдеге" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта: 3-тармақтың 1) тармақшасы "Қазақстан" деген сөздің алдынан "жеке тұлғалар жария ететін ақшаны қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "өтініш берушілер" деген сөздер "мүлiктi жария ету субъектілерi (бұдан әрі - өтініш берушілер)" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "(бұдан әрі - өтініш берушілер)" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы "2006 жылғы 30 желтоқсанда" деген сөздер "2007 жылғы 1 сәуірде" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) заңды тұлғалардың ақшаны жария етуі үшін: осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге өтініш (бұдан әрі - өтініш); мүлікті жария ету үшін алымның (бұдан әрі - алым) төленгенін растайтын құжаттардың; жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерінің; жария етуге ұсынылған ақша сомасының барлығын растайтын екінші деңгейдегі банк немесе шетелдік банк берген құжаттың;"; 9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;"; 9-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;"; 9-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;"; 9-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;"; 9-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацында: "мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрі - алым)" деген сөздер алынып тасталсын; "алымды төлеу" деген сөздердің алдынан ", сондай-ақ тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын; 23-тармақтағы "Мүлікті жария ету үшін алым бойынша жария ету субъектісінің" деген сөздер "Алым бойынша өтініш берушілердің" деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақтағы "Мүлікті жария ету үшін" деген сөздер алынып тасталсын; 24-тармақтың екінші абзацындағы "жария ету субъектілері" деген сөздер "өтініш берушілер" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ.Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.