О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2006 года № 269 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 11 сәуiрдегi N 269 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "2006 жылы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа шығарылуға тиiс жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 11 сәуiрдегi N 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 12, 120-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа шығарылуға тиiс жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-жолдың 5-бағанында:
"Шығарылып тасталатын Батыс Елемес учаскесiнiң координаттары" деген сөздерден кейiн географиялық координаталар мынадай редакцияда жазылсын:
"алаңы 53,954 ш. км." деген сөздер "алаңы 54,267 ш. км" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Шығарылып тасталатын Сазтөбе-Бекболат учаскесiнiң координаттары" деген сөздерден кейiн географиялық координаталар мынадай редакцияда жазылсын:
"алаңы 299,624 ш. км." деген сөздер "алаңы 321,305 ш. км" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.