О внесении изменения в решение Степногорского городского маслихата от 11 августа 2006 года № 3С-31/8 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений и Ставок платы за снос зеленых насаждений в городе Степногорске» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № ЗС-31/8 «Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау мен оларды ұстау ережесі және жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 49 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № ЗС-31/8 «Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау мен оларды ұстау ережесі және жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемін бекіту туралы» шешіміне (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 1-2-53 тіркелген, «Степногорск ақшамы» газетінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 24 және «Вечерний Степногорск» газетінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 24 жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау мен оларды ұстау ережесі және жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемін бекіту туралы ережесінің «Жалпы ереже» бөлімінің 1 тармағының 17) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «17) бекітілген аумақ-белгіленген аумақтан периметрі бойынша 25 м қашықтыққа дейінгі аумақтар».
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.