О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 11 марта 2007 года N 2/341 "Об установлении водоохранных зон и полос поверхностных водных объектов в административных границах города Алматы" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы "Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы су нысандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі" N 2/341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы "Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы су нысандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі" N 2/341 қаулысына (Нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 741 нөмірімен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 84-87 санында және "Алматы Ақшамы" газетінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 41 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының 6 тармағы төмендегідей редакцияда берілсін: "6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.