"О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 июня 2007 года N 306 "О государственном образовательном заказе на подготовку специалистов с высшим профессиональным образованием на 2007/2008 учебный год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2007/2008 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "2007/2008 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.»"2007/2008 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4765 тіркелген, "Заң газеті" баспасының 2007 жылғы 13 шілдедегі N 106 (1135) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен 2-қосымшаға сәйкес 2007/2008 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлісінде кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында: "Магистратураға қабылдау" деген кестенің: "1. Білім" деген бөлімде: 6N0103 Пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия 65 деген жолда "65" деген сан "67" деген санмен ауыстырылсын; 6N0105 Де­фек­то­ло­гия 7 деген жолда "7" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; "6. Жаратылыстану ғылымдары" деген бөлімде: 6N0605 Яд­ро­лық фи­зи­ка 18 деген жолда "18" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын; 6N0608 Эко­ло­гия 65 деген жолда "65" деген сан "72" деген санмен ауыстырылсын; Көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасындағы "Магистратураға қабылдау" кестесі көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына жазылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.