О внесении изменений и дополнении в решение районного маслихата от 11 апреля 2007 года № ВС-39-5 «Об утверждении Правил материальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан за счет средств районного бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
Жақсы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі № ВС-39-5 «Аудан бюджеті қаражаты есебінен жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға берілетін материалдық төлемақылардың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында және Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсанының № 01-2120 ұсынысы сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № ВС-39-5 «Аудан бюджеті қаражаты есебінен жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға берілетін материалдық төлемақылардың Ережесін бекіту туралы» шешімімен бекітілген ережесіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тараудың 5 тармағы келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын;
12) Негізгі тамақ өнімдерінің, қуат көздерінің бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақылар.
6 тараудың 16 тармақшасын келесі редакцияда мазмұндалсын:
«16. Сауықтыруға берілетін материалдық төлемге дәрігерлік көрсеткіштері бар мүгедектер құқылы:
- қаралуға немесе емделуге ;
- қажетті дәрі-дәрмектер, сурдотехникалық құралдар, қозғалыстың арнаулы құралдарын алуға;
- емделу орындарына жетуге мүгедектер құқылы».
Осы Ереженің 13 тарауы келесі редакцияда жазылсын:
«13 тарау. Негізгі тамақ өнімдерінің және қуат көздерінін, бағасының
өсүіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақылар»
13 тарау келесі мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
«30. Негізгі тамақ өнімдерінің және қуат көздерінің бағасының өсуіне байланысты материалдық төлемақы алуға халықтың әлеуметтік әлжуас тобы құқылы:
-кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтар;
-жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер».
«31. Төлемді тағайындау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Өтініш;
2) Жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Материалдық-тұрмыстық хал-ахуалды тексеру кесімі;
4) Өтініш берүшінің тұрғылықты жерін растайтын құжат немесе отбасының құрамы туралы анықтама».
14 тарау. «Қорытынды ереже» бұрынғы редакцияда қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәттен (күннен) бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Аудан әкімі
И. Қабдуғалиев
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің
бастығы: Қ. Дүзелбаев
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Л. Сейдахметов
Басқа 3
2007 жылғы 14 желтоқсанда
№С-5-6 нормативтік кұкықтық
актімен БЕКІТІЛГЕН
Аудан бюджетінің қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық төлемақыны төлеудің ЕРЕЖЕСІ
Ереже Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 53-ші бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын аудан бюджетінің қаражаты есебінен әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын мәртебесі бар тұлғаларға, шетел азаматтарына, аудан аумағында тұрақты тұратын тұруға ыхтиярхаты бар, азаматтығы жоқ азаматтарға таратылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже азаматтардың жекелеген санаттарына аудан бюджеті есебінен төленетін “Жергілікті өкілетті ұйымдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру” бюджеттік бағдарламасы бойынша материалдық төлемақы төлеуді реттейді.
Тармақ 2
2. Материалдық төлемақыны тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия жүзеге асырады (әрі қарай - комиссия), оның сандық және дербес құрамы, сонымен қатар әлеуметтік төлем көлемі аудан әкімдігінің Қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен төленетін материалдық төлемақы бойынша уәкілетті ұйым “Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі болып анықталды.
Тармақ 4
4. Комиссия арыз берушінің келісімімен, материалдық төлемақыны тағайындау үшін керекті мәліметтерді тиісті ұйымдардан алуға сұрау салуға құқылы.
Тармақ 5
5. Материалдық төлемақы жергілікті деңгейде төмендегідей түрде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне материалдық төлемақылар;
Тармақша 2
2) азаматтардың жекелеген санатттары үшін мерекелік шаралар өткізуге арналған материалдық төлемақылар;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекке өте мұқтаж аз қамтылған азаматтарға материалдық төлемақылар;
Тармақша 4
4) емделуге бару жолын төлеуге материалдық төлемақылар;
Тармақша 5
5) мүгедектерді сауықтыруға материалдық төлемақылар;
Тармақша 6
6) азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы;
Тармақша 7
7) азаматтарға отын алуға берілетін материалдық төлемақылар;
Тармақша 8
8) азаматтарға, көп балалы отбасыларға қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін материалдық төлемақылар;
Тармақша 9
9) оңалтудың жеке багдарламасына (ОЖБ) келісімді, мұқтаж мүгедектерге материалдық төлемақылар беру;
Тармақша 10
10) азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарға жеңілдікпен жазылуды рәсімдеуге материалдық төлемақылар;
Тармақша 11
11) ауданның құрметті азаматтарына телефонный абоненттік төлемін төлеуге, отын алуға материалдық төлемақы.
Тарау 2. 2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін материалдық төлемақылар
2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін материалдық төлемақылар
Тармақ 6
6. Материалдық тѳлемақы жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне (өзгеше жағдайда, халықты жұмыспен қамту сұрағы бойынша уәкілетті ұйымда тіркеуде тұрмағандар да) отбасы мүшелеріне немесе жерлеу рәсімін нақты жүзеге асыратын тұлғаға төленеді.
Тармақ 7
7. Азаматтардың жерлеу рәсіміне төленетін материалдык төлемақыны алу құқығы кісі қайтыс болған күннен екі ай мерзімге дейін сақталады.
Тармақ 8
8. Материалдық төлемақы тағайындауға төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын кұжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) өлгені туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) жұмыспен қамту уәкілетті ұйымының (жұмыссыз азаматтар үшін) анықтамасы;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жердің анықтамасы;
Тармақша 7
7) қайтыс болған кісінің отбасының тұрмыстық хал-ахуалын тексеру актісі.
Тармақша 8
8) Жерлеу рәсімімен айналысқан азаматқа (туыс-туғаны жоқ жерленуші үшін) округ әкімінің растау-анықтамасы.
Тарау 3. 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін материалдық төлемақы
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін материалдық төлемақы
Тармақ 9
9. Мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін материалдық төлемақыға Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар, еңбек ардагерлері, жалпы аурудан мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы аналар, ауданның құрметті азаматтары, жалғыз басты зейнеткерлер құқылы.
Тармақ 10
10. Материалдық төлемақы алу үшін уәкілетті ұйым тізімді ААҚ «Қазпочтаға» береді.
Тармақ 11
11. Көрсетілген санаттағы азаматтарды құрметтеу үшін уәкілетті орган өткізілетін мерекелік шараларға ақшалай қаржыларды«Қазпочта» ААҚ-ына, қосымша тізімге келісімді аударады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтарға материалдық төлемақы төлеу
4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтарға материалдық төлемақы төлеу
Тармақ 12
12. Материалдық төлемақыны алуға азаматтардың жекелеген санатындағылар белгілі бір жағдайда әлеуметтік көмекке өте зәру, жағдайдың ауырлығына байланысты (апат, өрт, мүгедектігі жоқ азаматтардың аурудың аса ауыр түрімен ауыруы, сонымен қатар басқа да тосын жағдай) құқылы.
Тармақ 13
13. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемге мұқтаждығын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 6
6) тұрмыстық-материалдық хал-ахуалды тексеру актісі.
Тарау 5. 5. Мұқтаж мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына материалдық төлемақы
5. Мұқтаж мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына материалдық төлемақы
Тармақ 14
14. Мұқтаж мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына материалдық төлемақыны алуға жүріп тұруда қиындық көретін ампутация диагнозы бар, аяқтың қозғалыссыздығы, көру қабілетінің бұзылуы бар 1, 2 топтағы мүгедектер, дәрігерлік көсеткіші бойынша жолдама берілген және оларға еріп жүретін тұлғалар құқылы.
Тармақ 15
15. Материалдық төлемақы тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің кѳшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің кѳшірмесі;
Тармақша 4
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) емдеуші дәрігердің жолдамасы;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жердің анықтамасы.
Тарау 6. 6. Мұқтаж мүгедектерді сауықтыруға берілетін материалдық төлемақы
6. Мұқтаж мүгедектерді сауықтыруға берілетін материалдық төлемақы
Тармақ 16
16. Мұқтаж мүгедектерді сауықтыруға берілетін материалдық төлемақы қажетті дәрі-дәрмек алуға, дәрігерлік көрсеткіш бойынша тексерілуге, емделуге жіберілген мүгедектер құқылы.
Тармақ 17
17. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) материалдық-тұрмыстық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жердің анықтамасы.
Тарау 7. 7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы
7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы
Тармақ 18
18. Санаторлы-курорттық емделуге берілетін материалдық төлемақыны алуға барлық санаттағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, жауынгер-интернационалистер құқылы.
Тармақ 19
19. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) Санаторлы-курорттық картаның көшірмесі;
Тармақша 5
5) Тұрғылықты жердің анықтамасы;
Тармақша 6
6) Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Тарау 8. 8. Мұқтаж азаматтардың отын алуына арналған материалдық төлемақылар
8. Мұқтаж азаматтардың отын алуына арналған материалдық төлемақылар
Тармақ 20
20. Отын (ағаш, көмір) алуға берілетін материалдық төлемақы алуға пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұратын, кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын азаматтар құқылы.
Тармақ 21
21. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұрғын үйдің тиесілігі жөніндегі, кез келген құжат (сату-сатып алу жөніндегі шарт, жекешеленгені жөніндегі шарт, азаматтарды тіркеу кітабы және т.б.);
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 6
6) тұрмыстық-материалдық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тарау 9. 9. Мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін материалдық төлемақылар
9. Мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін материалдық төлемақылар
Тармақ 22
22. Қосалқы шаруашылығын дамыту үшін материалдық төлемақы алу кұкығы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға беріледі.
Тармақ 23
23. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар керек:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық-материалдық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 10. 10. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) келісімді мұқтаж мүгедектерге материалдық төлемақы
10. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) келісімді мұқтаж мүгедектерге материалдық төлемақы
Тармақ 24
24. Материалдық төлемақы алуға мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына келісімді мұқтаж мүгедектер құқылы.
Тармақ 25
25. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) көшірмесі.
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден аныктама.
Тарау 11. 11. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды ресімдеуге берілетін материалдық төлемақы
11. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды ресімдеуге берілетін материалдық төлемақы
Тармақ 26
26. Республикалық және облыстық маңызы бар, мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды рәсімдеуге берілетін материалдық төлемақы алуға Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, жауынгер-интернационалистер, ауданның құрметті азаматтары құқылы.
Тармақ 27
27. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) біржолғы төлемақы алушы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 12. 12. Ауданның құрметті азаматтарына телефонның абоненттік төлемі үшін, отын алу үшін материалдық төлемақы
12. Ауданның құрметті азаматтарына телефонның абоненттік төлемі үшін, отын алу үшін материалдық төлемақы
Тармақ 28
28. Телефонның абоненттік төлемі үшін, отын алу үшін материалдық төлемақы алуға ауданның кұрметті азаматтары құқылы.
Тармақ 29
29. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арыздаушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) ауданның құрметті азаматы мәртебесін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 13. 13. Негізгі тамақ өнімдерінің және қуат көздерінің бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақылар
13. Негізгі тамақ өнімдерінің және қуат көздерінің бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақылар
Тармақ 30
30. Негізгі тамақ өнімдерінің және қуат көздерінің бағасының өсуіне байланысты материалдық төлемақы алуға халықтың әлеуметтік әлсіз тобы құқылы:
-кірісі кедейлік шегінен төмен отбасылар;
-жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен
көпбалалы отбасылар, жалғыз тұратын отбасылар, мүгедектер.
Тармақ 31
31. Төлемді тағайындау үшін келесідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) материалдық-тұрмыстық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжат.
Материалдық төлемақыны алу құқығы тоқсан сайын расталады
Тарау 14. 14. Қорытынды ереже
14. Қорытынды ереже
Тармақ 32
32. Арызданушыға тағайындалатын материалдық төлемақының заңнамаға сәйкес дұрыстығына комиссия жауапты.
Тармақ 33
33. Алдын-ала күмәнді немесе материалдық төлемақыны алуға немесе көлеміне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметті уақытылы хабарламаған азаматтар материалдық төлемақы алу құқығынан бір жылға дейін айырылады.
Тармақ 34
34. Материалдық төлемақыны төлеу «Қазпочта» ААҚ Жақсы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Уәкілетті қаржылық ұйым материалдық төлемақының төленуіне бөлінетін қаржының дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады.