О внесении дополнений в решение от 11 июля 2007 года № 399 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям и одиноко проживающим гражданам» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 11 шілдедегі № 399 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй катынастары туралы» Заңының 97-бабының 2- тармағына сәйкес Арқалык калалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 2007 жылғы 11 шілдедегі № 399 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-65, 2007 жылғы 24 тамыздағы № 34 «Арқалык Хабары» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: 6 тармақтың төртінші абзацы «жеке секторда тұратын» сөздерінен кейін «І-топ мүгедектері және» деген сөздермен толықтырылсын; 20-шы тармақта «тұратын» сөзінен кейін «жұмыс істемейтін» деген сөздермен толықтырылсын; 20-шы тармақта «белгіленген тәртіппен тағайындалатын» сөздерінен кейін «70 жастан асқан екі жұмыс істемейтін азаматтары бар отбасы үшін жылыту мауысымына және» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.