О внесении изменения в постановление акимата Аккольского района от 11 марта 2008 года № А-3/88 «Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № А-3/88 «2008 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № А-3/88 «2008 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Ақкөл аудандық әділет Басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде № 1-3-87 тіркелген, аудандық «Ақкөл өмірі» газетінде 2008 жылғы 16 мамырдағы № 20/107 нөмірмен «Знамя Родины КZ» газетінде 2008 жылғы 16 мамырда № 20/66 нөмірде жарияланған) қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
3-бөлімнің 11-тармағындағы «жеке еңбек келісім-шарты» сөзі «еңбек келісім-шарты» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № А-3/88 «2008 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының 1-қосымшасы, осы қаулының 1-қосымшасына сай жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Ақкөл аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Н.Мананбаева
«08» шілде 2008 ж.
КЕЛІСІЛГЕН
Ақкөл аудандық қаржы
бөлімінің бастығы
Л.Величко
«08» шілде 2008 ж.
Басқа 5
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 8 шілдедегі
№ А-7/211 қаулысына
1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ереже халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) негізгі шарттармен есеп жүргізу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің қолданысқа енуіне «2002 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - бұл жұмыс берушінің жергілікті атқару органдармен келісім негізінде құрған мақсатты топқа кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс беруші олардың еңбекақысын ішінара шығын өтемін төлеу арқылы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін жұмыс орны болып табылады.
Тармақша 2
2) Мақсатты топ - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды қажет етуші адамдар тобы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер таратылады.
Тармақ 5
5. Өкілетті органдар жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің өз қаражатынан жартылай еңбекақы төлеу арқылы жергілікті бюджеттің қаржыландырумен анықталып құрылады.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқару органдары жұмыс берушілермен халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздардан әлеуметтік жұмыс орнына қабылданғандарға еңбекақысын төлеуге, жартылай ішінара төлем төлеу арқылы келісімге отырады.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамту және олардың еңбегіне төлеуге арналған бюджеттік қаржыны тиімді қолдану мақсатымен жұмыспен қамту бөлімі мақсаттық топтардағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға арналған әлеуметтік жұмыс орындары құрылған немесе құралатын, жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бар ұйымдар тізбесін аңықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жолдаманы өкілетті орган береді.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуда мақсаттық топтарға жататын аз қамтамасыз етілген жұмыссыздардың басымды құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбектерінің төлемақысы істеген жұмыстың санына, сапасы мен жұмыстың ауырлығына байланысты ай сайын жұмыс берушімен еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың еңбегін төлеу жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде және алты айдан аспайтын мезгілге төленеді. Бюджеттік қаржы жұмыс берушілердің есепшоттарына аударылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін жалақыға Заңдар жинағымен белгіленген түрде салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу нақты жасаған жұмыс көлеміне байланысты төленеді.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеуге жұмсалған өз шығындарынының өтеміне қолданады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің орындалуын бақылау мемлекеттік органдармен заңдылықпен белгіленген түрде орындалады.